Ақмола облысында көктайғақ салдарынан үш күнде 130-дан астам адам дәрігер көмегіне жүгінген. Басым бөлігі түрлі дене жарақатын алған. Аяқ-қолын сындырғандар да бар. Кейбіріне алдағы бірнеше күнде ота жасалмақ. Қазір травматология бөлімшесінде 35 адам ем алып жатыр. Дені-көк мұзда тайып құлағандар. Жалпы, өңірде сарышұнақ аяз басталғалы бері көшелер тұтастай мұз айдынына айналғандай. Салдарынан, жазатайым жағдай жиілген.
Еркебұлан Сапаров, травматолог-дәрігер:
Қазіргі таңда ауруханаға көбінесе тобығын, балтырын, жамбас сүйегін сындырғандар түсіп жатыр. Тәулік сайын емдеу мекемелеріне көктайғақта құлаған 40-тан астам адам жеткізіледі. Кейбіріне шұғыл түрде ота жасауға тура келеді. Жалпы бір күнде 8-9 операция өткіземіз.
Ұмсындық Наурызбаева