Астанада 2016 жылдың үздік баспасөз қызметі анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 2016 жылдың үздік баспасөз қызметі анықталды

25.06.2016
Астанада 2016 жылдың үздік баспасөз қызметі анықталды

  Астанада кәсіби мереке қарсаңында, яғни байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай «Ең үздік баспасөз қызметі - 2016» байқауының марапаттау рәсімі өтті.    

Маусымның 10 мен 21 аралығында республикалық БАҚ редакциялары қатысқан дауыс беру қорытындысы бойынша төрт номинацияның марапат иелері анықталды. 

Орталық атқарушы органның ең үздік баспасөз қызметі болып ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі анықталды.

Квазимемлекеттік сектор компанияларынан ең үздік баспасөз қызметі болып «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ танылды. «Жергілікті атқарушы органның ең үздік баспасөз қызметі» номинациясы бойынша Алматы қаласы әкімдігі озық шықты.  

«Кәсіби тану» - арнайы номинациясының жеңімпазы болып ҚР Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Уәли Ернұр аталды.  Бұдан бөлек, «Ең жылдам баспасөз хатшысы» марапатын ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Иманқұлов Руслан иеленді. 

Хабарламаларға жазылу