Мемлекет басшысы Сербия президентімен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Сербия президентімен телефон арқылы сөйлесті

20.02.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Сербия Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар саяси және сауда-экономикалық ынтымақтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, іскерлік байланыстарды нығайтуға ниетті екендерін жеткізді. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және көлік пен логистика салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға өзара мүдделі екендерін айтты.

Президент Александр Вучич Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Белградқа сапармен келуге шақырды.


Хабарламаларға жазылу