Жайлы мектептердің құрылысы Үкіметтің қатаң бақылауында болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жайлы мектептердің құрылысы Үкіметтің қатаң бақылауында болады

20.02.2024

Жайлы мектеп ұлттық жобасын іске асыруда бірқатар кемшілік бар. Бүгін үкімет отырысында мәселелер жан жақты талқыланды. Премьер-министр Олжас Бектеновтың айтуынша, қазір мердігерлердің жұмысына тиісті бақылау жүргізіліп жатқан жоқ. Кей өңірлерде әлі күнге дейін жер телімдерін рәсімдеу және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды тарту мәселелері шешілмеген. Ал жоспар бойынша 98 мектеп келер оқу жылына дейін 120-ға жуық оқу нысаны жыл соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс. Үкімет басшысы барлық мүдделі органдарға жұмыстарды жеделдетуді құрылыс мерзімін кешіктіруге болмайтынын қатаң ескертті.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу