Тебіндегі жылқыны аман алып қалу үшін Павлодар облысында арнайы бағдарлама әзірленді. Кейбір жайылымдарда мұзқатқақтар пайда болды. Бұл жылқылардың тебіндеуіне және басқа да малдарды жайылымға шығаруға қиындық туғызып отыр. Сондықтан облыс әкімінің тапсырмасымен, жемдік астықты тауарлық несие ретінде беретін өңірлік бағдарлама әзірленді. Оны осы жылдың 1 қарашасына дейін ақшалай немесе астықпен өтеуге болады. Тауарлық несие кепілсіз және сыйақы есептелмей беріледі. Оны алу үшін аудан әкімдіктеріне хабарласу қажет.
Болат Аманбаев