9-20-25: «Отау» тұрғын үй бағдарламасына қалай өтініш беру керек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

9-20-25: «Отау» тұрғын үй бағдарламасына қалай өтініш беру керек?

19.02.2024

9-20-25, яғни «Отау» тұрғын үй бағдарламасына қалай өтініш беру керектігі белгілі болды. Уәкілетті банктің хабарлауынша өтініштер наурыздың 1-інен бастап сәуірдің 30-ына дейін otbasybank.kz сайтында қабылданады.

Бағдарламаға 18-ден 63 жасқа дейінгі азаматтар қатысады. Десе де мынадай талаптар бар. Өтініш беруші Отбасы банкінде үй кезегінде тұрған азамат немесе ашылғанына 18 айдан асқан шоты бар және онда кемі 1 миллион теңге жинағы бар салымшы болуы тиіс. Жеңімпаздар балдық негізде анықталады. Мәселен шот ашылған әрбір жыл үшін және салынған әрбір мың теңге үшін 5 баллдан беріледі. Некеде болсаңыз 10, балаңыз болса тағы 50 бал. Ал несие мөлшері Астана мен Алматыда 30 миллион, өзге жерлерде 18 млн теңге. Мөлшерлеме 9 пайыз делінгенімен, 8 жылдан кейін ол 3,5 процентке дейін азаймақ.


Хабарламаларға жазылу