Алматы облысында 117 кәсіпкер алкогольді заңсыз саудалап келген. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы мәлім етті. Алыпсатарлар ішімдікті лицензиясыз сатып, салық төлеуден жалтарып келген. 9 мыңнан астам бөтелкедегі түрлі спирттік өнім тәркіленіп, жойылған. Заңды бұзған кәсіпкерлер, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айта кетейік, елімізде этил спирті мен алкоголь өнімдерін сертификатсыз сатуға тыйым салынған.
Қуан Нұрақын