Германияда өткен Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасы 5 медаль жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда өткен Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасы 5 медаль жеңіп алды

19.02.2024

Қазақстандық Зарина Раифова пара дзюдодан Германияда өткен Гран-при турнирінде алтын алды. Ол J2 санаты бойынша 70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен еді. Жарыстың соңғы күні дәл осы санатта Аяла Мереке 70 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды. Ал Ерлер арасында Жұқамырза Шүкірбеков те 90 кг салмақта үздік үштікке ілікті. Осылайша, Қазақстан құрамасы Гран-при жарысында барлығы 5 медаль жеңіп алды. Оның екеуі – алтын, үшеуі – қола.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу