Мәскеуде «Говорим как Левитан» радиобайқауының жүлдегерлері марапатталды. Қазақ радиосының шолушысы әрі жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі Мұхамедәлі Болатұлы байқаудың арнайы дипломын иеленді.
«Байқауға ІІ Дүниежүзілік соғыс кезіндегі мәліметтерді жаттап, оқып, екі тілде жолдаған едім. «Говорим как Левитан» байқауы - мен үшін «Оскар» жүлдесі сынды. Мені енді жаңа мақсаттар мен жетістіктер күтіп тұр», - дейді М. Болатұлы.
Айта кетейік, «Говорим как Левитан» радиобайқауында 109 радио жүргізушісі бақ сынады. Байқау Кеңес ақпараттық бюросының 75 жылдығына орай ұйымдастырылған.