Жолда қалған 70-ке жуық адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолда қалған 70-ке жуық адам құтқарылды

17.02.2024

Жетісу облысында өткен тәулікте 70-ке жуық адам құтқарылды. Сарыөзек-Көктал тас жолынның 61-ші шақырымында 67 азамат қар құрсауынан шығарылып «Алтынемел» асуындағы жылыту пунктіне жеткізілді. Құтқарылған жолаушылар қатарында екі бала мен бір жүкті әйел болған. Медициналық көмек қажет етпеген олар өз сапарларын жалғастырды. Сондай-ақ осы күні облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Алакөл учаскесінің құтқарушылары аязды боранда адасып кеткен малшыны аман-есен тауып алды. 1959 жылғы азамат темір жол маңындағы вагон ішінен табылған. Малшының аяғы мен қолдарын үсік шалған. Қария Үшарал қаласындағы аудандық ауруханаға жеткізілді. Айта кету керек Жетісу облысында Үшарал-Достық және Сарыөзек-Көктал бағыттарындағы жол көліктің барлық түрлеріне жабылған.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу