Көкшетауда құбыр жарылып, көпқабатты 20-ға жуық үй тіршілік нәрінсіз қалды. Әкімдіктің мәліметінше бұған су желілерінің тозуы себеп. Апат қаланың орталығындағы Ақан сері көшесінде болған. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарына мамандар жұмылдырылған. Жауаптылар бүгін кешке дейін апаттың салдарын жойып, тұрғындарға ауыз су берілетінін хабарлады.
Ұмсындық Наурызбаева