Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы импорт көлемі 9,3%-ға қысқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы импорт көлемі 9,3%-ға қысқарды

16.02.2024

Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы импорт көлемі 9,3%-ға қысқарды. Ал экспорт керісінше, 9,5 пайызға өсті. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, одақ елдерінен елімізге көбіне металл, металдан жасалған бұйымдар мен көлік жабдықтары жеткізілген. Дәл солай Қазақстаннан сыртқа химия және өнеркәсіп саласына қажетті тауарлар жіберілген. Жалпы еліміз бен одақ елдері арасындағы сауда айналымы 28 млн доллардан асты. Алыс берістің 91 пайызы Ресейге, 5,5 пайызы Қырғызстанға, 3,2 пайызы Беларусь еліне, 0,2 пайызы Арменияға тиесілі.


Хабарламаларға жазылу