Былтырғы күзден бері газдан жарылыс жиілеп кетті. Тек соңғы екі айдың өзінде елімізде бірнеше қайғылы оқиға болды. Салдарынан 9 адам қайтыс болды. Газ баллондарының жарылу себептері көп. Бірақ, ең негізігісі, әрине, қауіпсіздік ержелерінің ескерілмеуінен болып жатыр.
Атыраудағы Көкарна ауылында бүтін бір отбасы қара жамылды. 2-ші қаңтарда тұрғын-үйлердің бірінде газ-ауа қоспасы жарылып, бір отбасының 5 адамын күйік шалған еді. Апаттан соң аурухананың жансақтау бөлімінде ерлі-зайыптылар мен 3 айлық сәби көз жұмды. Өкінішке қарай денесінің 80 процентін күйік шалған 3 жасар бала да қайтыс болды. Қазір сол үйдің келіні ауыр халде жатыр.
Кеше Теміртау қаласында екі қабатты дүкенде газ жарылды. Бір адам қайтыс болды. Тағы бірі ауыр жарақаттар алған. Қазір ауруханада. Апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жарылысытың неден болғаны анықталып жатыр.
Ораз Тәуірбеков, Теміртау қаласының әкімі:
Газ баллоны шығарылған ол жарамды және жарылған жоқ. Сол себепті екінші нұсқа қалып отыр – ол табиғи газ. Бірақ қазір тергеу шеңберінде тиісті қызметтер арқасында нақты себеп анықталатын болады.
Оралда қаңтардың 4-і күні дәмханада газ қоспасы жарылып, өрт шыққан. Қайғылы оқиғада үш адам қаза тауып, алтауы жараланды. Қызылорда облысындағы Аққұм ауылында тұрғын-үйде газ баллоны жарылып, 1 адам көз жұмды.
Апат жиелеп кетті. Сақтық керек. Мысалға, ел арасында газ балонынан газдың иісі шығып тұрғанын тексеру үшін сіріңке жағады. Бұл өте қауіпті. Мүлде қолдануға болмайтын теріс тәсіл.
Алдияр Қошан, Астана қаласының «Нұра» аудандық ТЖБ бас маманы:
Егерде үйдің ішінде газдың иісі пайда болатын болса, осындай губкамен, пенамен осылай редукторды тексереміз. Қосылған жерлерін. Егер қандай да бір жерден газ шығатын болса, онда осы жерде көпіршіктенеді.
Қазір төтенше жағдайлар миниистрлігінің қызметкерлері тұтас ел бойынша осылай қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, ескертіп әрі көрсетіп жүр.
Нариман Өтешов, облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы:
Өрттің басым көпшіліктері бізде жылыту пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу, балаларды қараусыз қалдыру және электр құралдарын пайдалану кезінде ережелерді бұзу.
Тап осы нөмір көгілдір отынмен байланысты апаттардың алдын алу бойынша қызмет көрсетеді. Сақ болайық.