Павлодарда мамандандырылған сот ғимараты ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда мамандандырылған сот ғимараты ашылды

16.02.2024

Павлодарда жаңа сот ғимараты ашылды. Аумағы 8,5 мың шаршы метрлік ғимаратта барлық мамандандырылған соттар отыратын болады. Соңғы рет Павлодарда сот ғимараты осыдан 55 жыл бұрын салынған. Аумағы шағын, өте тар болғандықтан бірнеше ғимарат жалдап келген. Сондықтан мұндай ғимараттың сала қызметкерлері үшін айтулы сый екендігі даусыз, деді шараға қатысқан Жоғарғы Сот төрағасы Асланбек Мерғалиев. Себебі, сот жүйесіндегі жаңғыртулардың табысты жүргізілуі оның материалдық-техникалық базасына да байланысты. Жаңа ғимаратта заманауи сот залдары, судьялар, медиаторлар кабинеті мен оқу бөлмелері қарастырылған. Бұдан бөлек, прокуратура, қорғаушы және онлайн режимінде конференция өткізуге арналған арнайы залдары бар.

Асланбек Мерғалиев, ҚР жоғарғы сот төрағасы:

Мемлекет басшысы сот қауымдастығына үлкен көңіл бөліп жатыр.Көптеген реформаларымызды қолдап. Қазір жағдайымы жалақы болсын, зейнеткерлік ақы болсын, осы ғимарат салу үшін, бюджетімізді бүгін өзіміз айқындайтын болдық бірнеше жылдың ішінде. Көп көмек көрсетіп жатыр. Әрине бізден де халық, мемлекет, ел әділ шешімді шығаруды күтеді.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу