Еуропада электромобиль шығаратын үш зауыт салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропада электромобиль шығаратын үш зауыт салынады

14.02.2024

Еуропа Қытайдың электромобиліне тәуелділіктен арылмақ. Ол үшін қарт құрлықтағы екі ірі автоөндіруші Stellantis пен Mercedes-Benz 7 млрд еуроға электромобиль шығаратын үш алып зауыт салмақ. Германия, Франция мен Италияда салынатын кәсіпорындар 6 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтиды. Еуропаның автоконцерндері Қытай көліктерінің әлемдік нарықты жаулауына алаңдаулы. Былтыр күншығыс елінің BYD компаниясы 526 мыңнан астам электромобиль шығарып, Tesla-ны шаң қаптырған.

Жерар Буйон, Брюссель қаласының тұрғыны:

Қазір көліктің төресі Tesla-ғой. Бірақ қымбат. Көптің қалтасы көтермейді. Сондықтан, арзан қытайдікін алуға мәжбүрміз. Электрокарға көшкендерге жеңілдік көп.

Пьер Ван Дерван, автосарапшы:

Қытай электромобильдерге аккумулятор тасымалдаудан әлемде жетекші орында. Алдағы онжылдықта Қытай электромобиль шығаратын тағы 160 гигафабрика салмақ. Демек, олардың көліктері қазіргіден де арзандайды. Бәсекеге төтеп беру үшін бізге қазірден әрекет ету керек.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу