Қазақстан алтын сатудан алға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан алтын сатудан алға шықты

14.02.2024

Былтыр Қазақстанның Ұлттық банкі алтын сату бойынша әлемде бірінші нөмірлі ел болды. Қордағы бағалы металл 294 тоннаға дейін қысқарған. Қазақстанның халықаралық резервтеріндегі алтынның үлесі 54,2%-ға дейін төмендеді. Сатылған алтын көлемі бойынша көрші Өзбекстан екінші орында 24,57 тоннаға жуық бағалы метал сатқан. Үздік үштікті 10,8 тонна алтын саудалаған Камбоджа қорытындылайды. Сарапшылардың пікірінше, әлем алтын қорын азайтып жатқанымен, дамушы елдерде алтын сатып алу көрсеткіші былтыр соңғы 20 жылда болмаған ең жоғары деңгейге жеткен.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу