«Қазақстан» РТРК» АҚ Байланыс және ақпарат саласы мамандарының күніне орай үздік тележүргізушілер арасында «Арнаның бетке ұстарлары» атты байқау жариялаған болатын.
Байқаудың алғашқы кезеңі 20 сәуір мен 20 мамыр аралығында өтті. Онда облыстық телеарналар эфиріндегі бағдарламалар мен жаңалықтар жүргізушілері арасында сайт арқылы дауыс беру ұйымдастырылды.
Нәтижесінде әр аймақтан көрермендер мен интернет қолданушылардың ең көп қолдауына ие болған екі журналист байқаудың екінші кезеңінде бақ сынау мүмкіндігіне ие болды.
Алғашқы айналымнан топ жарып шыққандар арасындағы бәйге қорытындысы бойынша Гран-При жүлдесін «Қазақстан-Орал» телеарнасының қызметкері Сапиолла Гүлден иеленді.
Ал, I, II, III орындар Райгүл Еншібай («Қазақстан-Ақтөбе»), Асылбек Тойбеков («Қазақстан-Қарағанды»), Гүлзада Ізденоваға («Қазақстан-Ақтау») бұйырды.
Жеңімпаздар 24 маусымда Астанадағы «Қазмедиа орталығында» марапатталады.
Байқауды өткізудегі басты мақсат – еліміздің әр аймағында жұмыс істеп жатқан филиалдардағы қызметкерлердің лайықты бағасын беру.
Айта кету керек, мұндай байқау «Қазақстан» телерадиокорпорациясында алғаш рет өткізіліп отыр.