Ақмола облысының Щучинск қаласында кадет корпусының 1-курс курсанты өзін-өзі атып мерт болды. Оқиға кеше болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол тәуліктік кезекшілік міндетін атқарып жүрген кезде бекітілген қарудан өз-өзіне оқ атқан. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Ұмсандық Наурызбаева