Косовода сербиялық динарды алып тастауға қарсы шеру болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Косовода сербиялық динарды алып тастауға қарсы шеру болды

13.02.2024

Косовода мыңдаған адам сербиялық динарға тыйым салуға қарсы шеруге шықты. Наразылық акциясына этникалық азшылықты құрайтын серб өкілдері жиналған. Жағдай ақпанның 1күні ушықты. Косово үкіметі сербтер тұратын аудандарда банктер мен қаржы мекемелерінде динарға тыйым салып, евроны енгізді. Енді сербтер евроны динарға айырбастап, транзакциялар үшін комиссия төлеуге тиіс. Митингке шыққандар халықаралық қауымдастықты Косово үкіметіне қысым көрсетуге шақырды.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу