Маңғыстауда тегін таратылған смартфондар үшін тұрғындар бір-бірін таптап кете жаздады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда тегін таратылған смартфондар үшін тұрғындар бір-бірін таптап кете жаздады

12.02.2024

Маңғыстауда тегін таратылған смартфондар үшін, тұрғындар бір-бірін жаншып, таптап кете жаздады.

Оқиға Жаңаөзен қаласында болған. Гүл дүкенінің иесі акция ұйымдастырып, 5 жұлдызды қонақ үйге жолдамалар мен ұялы телефондар таратқан. Жиналған халық оған таласып, көшенің қақ ортасында айқай-шу болды. Қала әкімдігінің мәліметінше, акция өтетіндігі жергілікті атқарушы органмен келісілмеген. Осы оқиғадан кейін гүл дүкенінің иесі көлік қозғалысына кедергі келтіргені үшін жауапқа тартылды


Хабарламаларға жазылу