Елімізде 10 ақпаннан бастап киік атуға қайтадан тыйым салынады. Бұл туралы Мәжіліс қабырғасында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Оның сөзінше, ақбөкендердің санын реттеу жұмысы 1 жылға дейін тоқтатылады. Яғни, аңды аулаға келер жылы ғана рұқсат берілмек. Ведомство басшысының болжамынша, көктемде жезкиіктің қатары 40%-ға артып, 2,6 млн басқа жетуі мүмкін.