Ертең президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапармен барады. Сапар барысында Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Президент қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады және осы елдің бизнес капитандарымен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланған.