Түркиядағы Қазақстанның мәдени күндері Анкарадағы «Калаба-кент» алаңында қазақ елі мәдениет қайраткерлерінің гала-концертімен қорытындыланды.
Шараны Анкарадағы Кечиорен аудандық муниципалитеті мен Түркиядағы Қазақстан Елшілігі бірлесіп ұйымдастырды.
Концерттің ашылуында Кечиорен муниципалитетінің мэрі Мустафа Ак пен Түркиядағы ҚР Төтенше және өкілетті Елшісі Жансейіт Түймебаев сөз сөйледі.
Алматы облысы әкімінің орынбасары Бахтияр Өнербаев ыстық ықыласпен қабылдаған түркиялық тарапқа алғысып білдіріп, Кечиорен муниципалитеті аумағында ашылған Қазақстан үйіне Жамбыл Жабаевтың портретін табыс етті.