Жүрсін Ерман: Айтыс өнері халықаралық деңгейге көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүрсін Ерман: Айтыс өнері халықаралық деңгейге көтерілді

12.02.2024

Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, журналист, айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерманның туған күні.

73 жасқа толған қайраткер Ұлттық арнаға эксклюзив сұхбат берді. Ақын жуырда аламан айтыс өткізетінін айтты.

Жүрсін Молдашұлы халыққа ой салатын төл өнеріміз қазір халықаралық дәрежеге көтерілді, енді оның деңгейін түсіріп алмау керек дейді. Осы орайда ол айтыс саласына реформа жүргізу қажет деген түрлі ұсыныстарға қатысты да өз пікірін білдірді және алдағы жоспарламен бөлісті.

Жүрсін Ерман, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын:

Оны реформалау оңай жұмыс емес. Халықтың өзінің ұлттық өнері, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі бар. Содан шығып кетпеу керек қалай болған да. Наурыздың 12-13 күндері «Асыл домбыра» деген мегажобамызды жүзеге асырайын деп жатырмыз. Кішкене айтыстың қадірі кетіп қалды ма, халықтың ықыласы азайып қалды ма деп соны күшейту үшін 5 көлік жүлде қойып жатырмыз.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу