Аягөзде табылған баланың ата-анасы құтқарушыларға алғыс айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аягөзде табылған баланың ата-анасы құтқарушыларға алғыс айтты

12.02.2024

Абай облысы Аягөз қаласында табылған баланың ата-анасы мен туыстары құтқарушыларға алығысын білдіріп жатыр. Айта кетейік, 8 жасар Мерей Иманғали үйден атасымен бірге жылқы іздеуге шыққан. Боран салдарынан жолдан жаңылып, адасып кеткен.

Туған-туыстарының өтінішімен, іздеу жүргізілді. Жедел түрде құтқарушылар, волонтерлар мен полицияның жеке құрамы түгелдей жұмылдырылды. Әскери арнайы техника тартылған. Ат, көлік, қар шанамен төңіректі түн бойы сүзіп шыққан. Боран басылып, бала 4 сағаттан кейін аман-есен табылды. Ол алыстан өзін іздеген көліктердің жарығын көріп, солай қарай бет алған.

Иманғали Райышев, баланың атасы:

Менің балам аман-есен табылды. Кешегі атсалысып іздеген азаматтардың бәріне көптен-көп рахмет айтамын. Барлық жігіттер, азаматтар аман болсын!

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу