Елде тозығы жеткен көліктер көбейіп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде тозығы жеткен көліктер көбейіп кетті

09.02.2024

Елімізде әбден тозығы жеткен көліктер көбейіп кетті. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда тіркелген 4,6 млн автомобиль бар. Оның 45 пайызының, яғни 2 млн 100 мың көліктің тізгінделгеніне 20 жылдан асқан. Ал 1 млннан астам темір тұлпардың шыққанына 10-20 жыл болған. Министрлік мұны былтыр заңдастырылған шетелдік көліктердің көптігімен байланыстырады. Ескі автоның басым бөлігі - Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында.

Хабарламаларға жазылу