Астаналықтар үй кезегінің жылжымайтынына наразы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналықтар үй кезегінің жылжымайтынына наразы

09.02.2024

Астаналықтар үй кезегінің жылжымайтынына наразы. Бүгін өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшиннің қабылдауында болған елордалықтар осындай шағымын жеткізді. Бұдан бөлек тұрғындарды баспана құрылысының сағызша созылуы, сапасының төмендігі алаңдатады. Елордада балабақша мәселесі де өзекті. Ал, қала маңындағы саяжайда тұрып жатқандар елді-мекен мәртебесін беруді сұрауда. Халықтың шағымын 2,5 сағат бойы тыңдаған Тимур Қарағойшин 10 жылдан бері баспана кезегінің не себепті жылжымай жатқанын жауаптылар тексеретінін жеткізді.

Гүлдана Құсайынова, Астана қаласының тұрғыны:

2013 жылдан бері тұрмын, әлі үй кезегі келер емес. Шыдамым жетті. 11 жыл. Күттім. Конкурсқа қатыстым. Мен сенбеймін әділдіктің барына. Біз Орал қаласынан келгенбіз 2008 жылы. Содан бері квартира, квартира. Көгерген бәріне тұрып келдік.

 Тимур Қарағойшин, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің орынбасары:

Апаттық үйде 40 мың адам тұрып жатыр. Соған Президент тапсырма берді. Соларды, бағанағы үйлерге көшіріп, бұзған үйдің орнына жаңа үй салу, сол түскен ақша жергілікті әкімдіктің есебінде қалады да, сол ақша халыққа қайтып жұмсалады.


Хабарламаларға жазылу