Алматыда лай көшкіні болған жер тексеріледі – Мәжіліс депутаты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда лай көшкіні болған жер тексеріледі – Мәжіліс депутаты

09.02.2024

Алматыдағы 4 адамның өмірін жалмаған лай көшкіні болған жерді тексереміз. Әкімдік тиктоникалық орында көшкін жүруі мүмкін деген ескертуге қарамастан, коттедж қалашық салуға жер бөлінген, дейді жәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек. Төменгі палата өкілінің айтуынша, әкімдік бұл жерді 1995 жылы жеке меншікке берген. Бастапқыда ол жер қойма салуға жоспарланса, 2006 жылы бау-бақша өсіруге өзгертілген. Ал 2014 жылы учаске сатылып кеткен. Айтуынша, 2015 жылы жер телімінің нысаналы мақсаты адамдардың араласуымен, үшінші рет қолдан өзгертілген. Бақытжан Базарбек заңды пысқырмағандар жауапқа тартылатынын жетізді.

Бақытжан Базарбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Тектоникалық бұзылыстар аймағында орналасқан бүкіл тұрғын үйдің астындағы жерлердің құжаттарын тексеретін боламыз. Тексерудің нәтижесінде қорытындысы бойынша сотқа береміз, тұрғын үйлерді бұзамыз халықты көшіреміз, ал бұрыңғы әкімдікке қатысты қылмыс бұзушылықтарды құқық қорғау органдарына жібереміз.


Хабарламаларға жазылу