Маска тәртібі қайта оралып жатыр. Еліміздің барлық медицина мекемелеріндегі қызметкерлер бетперде тағып жүруі керек. Сонымен қатар емханаға келушілерге де маска тағуға кеңес беріледі. Бас санитар арнайы қаулы шығарды. Айжан Есмағамбетова вокзал, сауда орындары, театр мен автобустарда, адам көп шоғырланған жерлерде маска тағып жүруге шақырады. Себебі қазір ауа-тамшы арқылы жұғатын аурулар асқынып тұр. Әсіресе қызылша мен тұмау. Қаңтарда коронавирус жұқтырғандар саны 2,5 есе өскен. Олардың басым бөлігі Астана мен Алматы қаласында. Ал, маска тәртібі эпид ахуал жақсарғанша сақталмақ. Министрліктің болжамынша ол 2-3 аптада тұрақталады.
Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары – бас мемлекеттік санитариялық дәрігер:
Вирустық респираторлық инфекцияның өсуі 2-3 аптаны алады, содан кейін сырқаттанушылар төмендейді. Коронавирус бойынша болжау сондай 2-3 апта өсу содан кейін төмендейді. Болжау қарағанда өткен 3 жылдың қорытындысын қарап істеп отырмыз.
Дегенмен ковид бойынша жағдай қауіпті емес, алаңдауға негіз жоқ дейді вице-министр. Науқастардың басым көпшілігінде сырқат жеңіл өтіп жатыр. Қазір коронавирус жұқтырған тек 3 адам ауруханада ем қабылдауда. Медициналық маскаға оралуға қатысты тұрғындардың пікірін жаздық. Тындап көрейік.