Көкшетаулық ғалым отандық жоғары оқу орындарындағы білім жүйесін шетел тәжірибесі арқылы дамытып жүр. Ғылым саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан Жайлаугүл Сағындықова АҚШ және Ұлыбритания елдеріндегі білім беру бағдарламасын зерттеумен айналысады. Кейін білген-түйгенін әдістемелік оқу құралдарына жинақтап, қазақстандық оқытушылар мен студенттерге бағыт-бағдар береді. Бүгінде оның жүзден астам еңбегі жарық көрген. Ғалымның айтуынша, қазіргі таңда қазақстанның білім жүйесіне шетелдіктер де қызығып отыр.
Жайлаугүл Сағындықова, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің проректоры:
Мен өз жұмыстарымды Кембридж университетінде, Венгрия, Будапешт елдерінде де таныстырдым. Қызығатындар көп. Шетелдік әріптестермен әрдайым тәжірибе алмасып отырамыз. Білім беру жүйесінен бөлек, лингвистика саласын да зерттеймін. Бұл бағытта да біршама сөздіктерім мен кітаптарым жарық көрді.
Ұмсындық Наурызбаева