Түркістан облысы Леңгір қаласында магистральді табиғи газ желісіндегі ақаудан азық-түлік дүкенінде жарылыс болды. Сатушы қысқа толқынды пешті қосқанда құбырдағы тесіктен жинақталған газ жарылған. Салдарынан екі адам жарақат алды. Оның біреуінің денесі 12, екіншісі 6 пайызға күйік шалған. Сондай-ақ, дүкеннің қабырғалары қираған. Диаметрі 108 миллиметр құбыр сауда орнының астынан өткен. Желідегі ақауға байланысты Қазтрансгаз мекемесінің зертханасы қазір тексеріс жүргізіп жатыр.
Ғани Қалмаханов