Президент жедел шешуді қажет ететін мәселелерді айқындап берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент жедел шешуді қажет ететін мәселелерді айқындап берді

08.02.2024

«Президент жедел шешуді қажет ететін елдегі ең маңызды мәселелерді айқындап берді». Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов осылай деді. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларына, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері заңнамалық қолдау көрсететіндігін жеткізді. Ол үшін Парламент депутаттары мен Үкімет бірлесіп, тығыз жұмыс істеуі керек деді. Сондай-ақ Президенттің «AMANAT» ұсынған Премьер-Министрді тағайындауы партияға деген жоғары сенімін, оның ел болашағына жауапкершілігін көрсететінін атап өтті.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, «Аmanat» партиясының төрағасы:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмаларды орындау кезіндегі жол берілетін тиімсіз бюрократиялық тәсілдерді айқындап берді. Сондықтан нақты нәтижеге бағытталған кәсіби тәсіл қажет. Бұл қағиданы заң шығару барысында да ұстанумыз керек. Мәжілісте әзірленетін әрбір заң Президенттің мемлекетті дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған міндеттерін жүзеге асыру үшін жұмыс істеуі тиіс.


Хабарламаларға жазылу