Алматыдағы лай көшкінінен төрт адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы лай көшкінінен төрт адам қаза тапты

08.02.2024

Алматыдағы лай көшкіні кезінде үйінді астында қалған 4 адамның да денесі табылды.

Құтқарушылар қираған үй астынан 1984 жылғы ер адамның, 1980 жылғы әйелдің және 16 жастар егіз жасөспірімдердің денелерін алып шықты. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Әкімдік тарапы марқұмдарды жерлеу рәсіміне көмек көресетеді.

Сондай-ақ, апат кезінде шетелде білім алып жүрген бұл отбасының үлкен ұлының әрі қарай білім алуына және елімізге келген соң өмір сүруіне материалдық қолдау көрсетілетін болады.

Айта кетейін, түнгі 02:20 минут өткенде болған апаттан кейін әлі де тазарту жұмыстары жүріп жатыр.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу