«Қазақстан» ҰТА тілшісі Айдана Үсенбай «Қазақстанда инклюзивті білім беру» байқауының жеңімпазы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» ҰТА тілшісі Айдана Үсенбай «Қазақстанда инклюзивті білім беру» байқауының жеңімпазы атанды

23.06.2016
«Қазақстан» ҰТА тілшісі Айдана Үсенбай «Қазақстанда инклюзивті білім беру» байқауының жеңімпазы атанды

«Болашақ» қауымдастығы журналистер арасында өткен «Қазақстанда инклюзивті білім беру» байқауының жеңімпаздарын анықтады. Мамыр айында басталған байқауға 40-қа жуық БАҚ өкілі қатысқан. Оның ішінде «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тілшісі Айдана Үсенбай да бар. Бүгін ол «Ең үздік тележоба» номинациясы бойынша топ жарып, бас жүлдені еншіледі.

«Ең үздік бейнеролик» аталымы «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Қалижан Оспановқа бұйырса, республикалық «Свобода слова» басылымының тілшісі Вера Ляхова «Ең үздік мақала» аталымын жеңіп алды.

Байқаудың жүлде қоры - 750 мың теңге.

Хабарламаларға жазылу