Биыл 19 жылу орталығы жаңғыртылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 19 жылу орталығы жаңғыртылмақ

07.02.2024

«Еліміз электр, жылу, су өндіру және жеткізу қуатының тапшылығын сезініп отырғаны жасырын емес». Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында осылай деп, коммуналдық-энергетикалық секторды жаңғырту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Президент бұл салада әлі күнге дейін олқылық көп екендігін айтты. Мәселен, Көкшетауда жылу электр орталығы мүлдем жоқ. Білдей бір облыс орталығы шағын қазандықтармен ғана амалдап отыр. Халық қыста жылуға жарымайды, ыстық су дажоқ. Сондықтан биыл шаһарда жаңа электр орталығының құрылысы басталуы тиіс. Ауқымды жобаға ресейлік инвесторлар қызығушылық танытқан. Қазір екі тарап арнайы меморандумға қол қойды.

Данияр Қуанышбаев, облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы:

Қазір біз энергия тапшылығын сезініп отырмыз. Өйткені жыл сайын жаңа нысандар салынып жатыр. Олардың барлығын жылумен қамтамасыз ету оңай емес. Сондықтан, жылу электр орталығы бізге аса қажет. Енді үкіметаралық келісімге қол қойылған соң, барлық техникалық құжаттама әзірленеді. Жалпы, жылу электр орталығының құрылысы алдағы 3 жылда аяқталуы тиіс.

Үкімет биыл апатты жағдайда тұрған 19 жылу орталығын жаңғырту жұмыстарын аяқтауы тиіс. Сондай-ақ, 700 мегаваттан асатын қосымша қуат көзімен де қамтамасыз етуі керек,-деді Мемлекет басшысы.

Жалпы елдегі энергия тапшылығы мәселесі өте өзекті және оның оң шешімін жедел арада шығару керек , - дейді сарапшылар.

Хабарламаларға жазылу