Шағын және орта кәсіп иелері бағалы қағаздарды сатып алу арқылы өз бизнесін қаржыландыра алады. Бұл туралы Қазақстандық қор биржасының департамент директоры Дәурен Тасмағамбетов мәлімдеді. Кәсіпкерлер 5 млрд теңгеге дейін қарыз ала алады. Бір жыл бұрын шекті сома 3 млрд теңгеден аспайтын. Қарыз 6 пайызбен 5 жылға дейін беріледі. Ал бизнес өкілдеріне қойылатын басты талап – соңғы 1 жылда компанияда аудит жүргізілген болуы керек. Сонымен бірге, нақты бизнес жоспарының болуы және жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніне кемі 1 жыл толуы тиіс.
Дәурен Тасмағамбетов, KASE Эмитенттермен және инвесторлармен жұмыс департаментінің директоры:
Шағын және орта бизнес облигацияларды қор нарығында шығарса, онда олардың төлейтіні 6 пайыз. Қалғанын «Даму» қоры төлейді. Ал егер компания коммерциялық банктен несие алса, онда компанияның төлейтіні 7 пайыз, қалғанын «Даму қоры» төлейді.
Айя Мүтәлі