Майқайыңда іздеу-құтқару жұмыстары бүгін қайта жалғасты. Бұл шараға енді кен байыту комбинаты жауапты.
Кәсіпорынның бас директоры Қуаныш Ботиннің айтуынша, ондаған техника мен 20-ға тарта адам бөлінген. Қазір жоғарыдан шыңыраудың түбіне апаратын жолды кеңейту жұмыстары жүріп жатыр. Бұдан соң, техника орнығатын аумақты ұлғайтып, қуаты күшті үлкен экскаваторлардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасына қарасты шахта аумағындағы көлік жолы опырылып кетіп, 4 адам отырған автобус шыңырауға құлаған болатын. Опат болған екі құтқарушының денесі сыртқа шығарылды.
Болат Аманбаев