Президент: Зейнетақы активтерін нарық талаптарына сай қолдану керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент: Зейнетақы активтерін нарық талаптарына сай қолдану керек

07.02.2024

«Зейнетақы активтерін нарық талаптарына сай қолдану керек». Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында осылай деді. Оның сөзінше, бұл мәселеде салымшылар алдындағы жауапкершілік өте жоғары. «Қажет болса, Үкімет қор есебінен жүзеге асырылатын жобалардың пайыздық өсімін субсидиялауға тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

«Бұл іске тиісті сараптама жасай алатын және қажетті инфрақұрылымы бар екінші деңгейдегі банктерді белсенді түрде тарту керек. Банктерді экономиканың нақты секторына қаржы құюға ынталандыру керек. Үкімет пен Ұлттық банк өзара тығыз ынтымақтасып, бұл жұмысты бірлесе жүргізуі тиіс. Жалпы, Ұлттық банк инфляция үдерісі мен экономиканың өсімін бақылап отыруды көздейтін тиімді жалпымемлекеттік саясатты ұстануы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу