Маңғыстаудағы Баянды ауылы 100 пайыз асфальтталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаудағы Баянды ауылы 100 пайыз асфальтталды

07.02.2024

Маңғыстаудағы Баянды ауылы қажетті инфрақұрылыммен толық қамтылды. Елдімекендегі ауыл ішілік жолдарға қатысты мәселе шешілді. Бюджеттен 75 млн теңге бөлініп, жолға асфальт төселді. Сөйтіп, 9 мыңға жуық халық тұратын ауыл 100 пайыз асфальтталды. Баянды ауылы 3 елдімекеннен тұрады. Мұнда табиғи өсім жоғары. Сондықтан тұрғындарға жер телімдерін беру үшін Баянды 4 елдімекені әзірленіп жатыр.

Шалқар Бердіханов, Баянды ауылының тұрғыны:

Мына магазинге, мектепке баратын болса, балалардың аяқтары балшық болып, қиын болды. Қазір жақсы барлық жер асфальттанды. Ауылымыз көркейіп келе жатыр. Газымыз бар, суымыз бар, интернет желісі бар. Жақсы ауылдың жағдайы.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу