Онлайн сауда базардағылардың кәсібіне кедергі келтіруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Онлайн сауда базардағылардың кәсібіне кедергі келтіруде

06.02.2024

Елімізде онлайн сауда қызып тұр. Былтыр айналымы 2, 2 триллион теңгеге жеткен. Бірақ кәсібін электронды түрде жүргізетіндердің үстінен түсіп жатқан шағым да шаш етектен. Былтыр тұтынушылардан 8 мыңға жуық талап-арыз түсіпті. Ал қара базарда тұрған саударгерлердің күйі қалай? Әйгерім Ердәулет сауда секторындағы ахуалды баяндасын.

Алматының әйгілі барахолка базарында бұрынғыдай қыз-қыз қайнаған сауда жоқ. Сатушылар тапқан нәпақамыз мардымсыз, тіпті жалға алған орынның ақысын төлеуге келегенде қиналып қаламыз, - дейді.

Ал дәл осы базар маңындағы сауда орталығында балалар киімін сататын Ақиқатқызы Маржан саудасын электронды түрде де жүргізуге көшкен. Күндіз-түні әлеуметтік желіге фото-видео түсіріп, тұтынушыларды тартудың барлық амалын жасап жүр. Әмбебап кәсіпкер осы тәсіл арқылы табысын екі еселеп алған.

Маржан Ақиқатқызы, кәсіпкер:

Онлайн сауданы көбіне жастар көбірек қолдайды. Ал,офлайн дәстүрлі сауданы үлкен кісілер қалайды. Қазіргі заманда көп адамдардың қолдары босамайды, сыртқа шығып дүкен аралауға шынымен уақыттары жоқ. Бәсекеге ілесу үшін міндетті түрде өзге интернет желісін меңгеру керек, ол жерде саудаңды жақсы көрсете алу үшін жарнаманы жақсы беруің керек, жарқыратып алушыларды өзіңе тартуың керек оны өзі үлкен өнер ғана емес білімді қажет етеді. Сол үшін қосымша СММ, таргет барлығын оқып білім алу өте қажет болып тұр қазіргі заманда.

Десе де, барлығы Маржан сияқты тауарды жақыннан түсіріп, оның сапасын көрсете бермейді. Жыл сайын мыңдаған тұтынушының күткен тауары ойынан шақпай жатады. Былтыр олардың үстінен 8 мыңға жуық шағым түскен. Көбі-алаяқ болып шыққан.

Мейіржан Аманжолов, ҚР СИМ тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің бас сарапшысы:

2023 жылдың өтініштердің талдау нәтежиесіне сәйкес 55% -ға жуығы ол алаяқтықпен байланысты. Яғни әлеуметтік желілердегі, интернет сайттағы сатушылар, инстаграм, фейсбук парақшаларын алатын болсақ соған қатысты өтініштер келген. Екіншісі сауда желілердің интернет сайттары, бұл жерде 34% -ға жуық өтініш. Үшіншіден бұл маркетплейстер 11%-ға жуығы маркетплейстарға келген өтініштер саны, бұл жерде 847 өтінімді алсақ болады. Бұл маркетплейсқа байланысты Wildberries, Ozon деген интернет сайттарды айта кетсек болады. Осыған орай мысалға Wildberries-ті алатын болсақ, 32 миллиондай қаражат суммасы тұтынушы құқұқтары қорғалған.

Тұтынушы құқығын қорғау үшін ең алдымен кәсіпкермен жасалған кері байланысты өшірмеуі керек. Заңгер Жанділдә Әжіғалиұлы тауарды шетелден алғыңыз келсе, тек қана ресми сайт арқылы тапсырыс берген жөн екенін ескертеді.

Жанділдә Әжіғалиұлы, заңгер:

Бір сілтеме жібергенде, сол ссылкамен ары қарай кету мүлдем болмайды, себебі ол сссылка уақытша болуы мүмкін ар жағында алаяқтар тұруы мүмкін. Сондықтан қарым қатынас тек қана ресми сайттар арқылы, ресми портал арқылы кейбір дүкендерге барған кезде тапсырыс берілді, тұтынушы алып жатқан тауарын пакетті ашып ішінен тауарын көре алады, ал кейбір интернет магазиндерде былай қарастырылған тауарды алатын болсаң ғана ашасың, алмайтын болсаң ашпайсың деп шарт қояды ол мүлдем дұрыс емес.

Сарапшы Мақсат Халық болса электронды сауданың арқасында көлеңкелі экономикадағы қаражат біршама азайды, - дейді. Сондықтан, отандық кәсіпкерлерге тым көп шектеу қойып, енді дамып келе жатқан бағыттан айнытып алмау керек екенін алға тартады.

Мақсат Халық, экономист:

Соңғы уақытта онлайн банкингтің дамуы көлеңкелі экономиканы қайта керісінше азайтты және осы онлайн банкингтің үлкен үлесі бар деп айтуға болады. Бізде ЖІӨ-ге шаққан кезде көлеңкелі экономиканың үлесі осыдан 3 жыл бұрын 30 пайызын құрайтын, қазіргі уақытта 23 пайызға төмендесе, соңғы жылдың қорытындысы бойынша 19 пайызға дейін азайған, оның өзіде аз көрсеткіш емес. Көптеген жеке дүкені бар азаматтар әлеуметтік желіде дүкен ашу арқылы өздерінің саудаларын еселеп отырғандар бар, ал оның заңды заңсыз жұмыс жасап жатқаны екінші мәселе, заңды тұрғыда оның төлемі фискалды чек арқылы жүруі қазір 100 пайыз кепілдік жоқ болып тұр.

Ал сауда және интеграция министрлігі дәл осы онлайн сауда бойынша мәжілісте екі бірдей заңның қаралып жатқанын айтты. Ондағы басты талап - кәсіпкер мен тұтынушы өзара шартқа отыру қажет. Бағынбағандарға цифрлы платформада жұмыс істеуге шектеу қойылуы мүмкін.


Әйгерім Ердәулет

Хабарламаларға жазылу