Енді тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мен аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға кешенді тегін қызмет көрсетіледі. Астана қаласы полиция департаментінің полиция қызметі басқармасы «Tore team» әлеуметтік спорт клубымен ортақ меморандумға қол қойды. Осылайша тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мен аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар психологиялық және заңгерлік көмек алады. Өзін-өзі қорғау әдістерін, жекпе-жек өнерін үйренеді.