ШҚО-дағы таулы аудандарда биыл қар қалың түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-дағы таулы аудандарда биыл қар қалың түсті

06.02.2024

Биыл шығыстағы таулы аудандарда қар өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда қалың. «Қазгидромет» мамандары наурыз айында күн күрт жылынуы мүмкін екенін хабарлады. Өңірде жауын-шашын да нормадан көп болуы ықтимал. Сондықтан өңірде тасқынға тосқын жұмыстары пысықталып жатыр. Мамандарды аймақтағы гидро нысанадардың құрылысы алаңдатып отыр. Облыс қарамағында қазір 34 су бөгеті бар. Оның көбі ескі. Бұған дейін апатты жағдайда тұрған бірнеше нысан ғана жөнделген. Өңірде республикалық маңыздағы ірі 4 су тоспасы бар. Зайсан ауданындағы «Үйдене» және Тарбағатайдағы «Қанды су» бөгеттері 15 жыл бұрын апатты деп танылған. Осы нысандарды жөндеу үшін былтырдан бастап жобалау құжаттары әзірленіп жатыр.

Нұржан Әміржанов, «Қазсушар» РМК облыстық филиалының директоры:

Күршім ауланындағы «Орта теректі» су қоймасы ол ал енді аппатты жағдайда деп айтып отырмыз. Ол нысан бойынша біз оны республикалық меншіктен облыстың қармағына ауыстырып жатырмыз. Құжатнаманы әзірлеу үшін облыстық бюджеттен ақша қарастыралады.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу