Қарағандыда 12 жасар оқушыны көлік қағып қайтыс болды. Ол таңертеңгілік мектепке бара жатқан. 51 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншілер жолағы арқылы өтіп бара жатқан баланы қағып кеткен. Бала ауруханада қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бақытжан Құдияров, облыстық ПД баспасөз хатшысы:
Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қарағанды облысының Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардан аса сақ болуды, жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды.
Руслан Нұрланұлы