Күдікті жиналыс үстінде тұтқындалды. Шымкентте лауазым иесін қала әкімінің қатысуымен өтіп жатқан жиын барысында ұстап алып кетті. Тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарып келген шенеунікке қазынаның 120 миллион теңгесін жымқырды деген айып тағылып отыр. Ол шаһардағы 216 көпқабатты тұрғын үйдің сейсмикалық жағдайын техникалық сынақтан өткізуге бағытталған қаржыны мүдделес компанияға бір көзден берді деген күдік бар. Осы лауазым иесіне қатысты тағы бір іс тергеліп жатыр. Ол бойынша қаржылық тексеріс басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ғани Қалмаханов