Тарихи жеңіс: Әртістік жүзуден қазақстан спортшылары әлем чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тарихи жеңіс: Әртістік жүзуден қазақстан спортшылары әлем чемпионы атанды

05.02.2024

Тарихи жеңіс! Дохада су спорт түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Эдуард Ким мен Нарғыза Болатова алтын медаль жеңіп алды. Бұл – Қазақстанның су спорты түрлерінен әлем чемпионатында иеленген алғашқы жеңісі. Дохада Эдуард Ким мен Нарғыза Болатова аралас жұптың еркін бағдарламасында да медальға таласады. Бұдан бөлек, Эдуард Ким ерлер арасында жекелей сында жарысқа қатысады.


Хабарламаларға жазылу