Жалған ақпарат салдарынан Павлодарда 22 мың оқушы мектепке бармаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалған ақпарат салдарынан Павлодарда 22 мың оқушы мектепке бармаған

05.02.2024

Бүгін Павлодар қаласында 22 мың оқушы мектепке бармаған. Бұл оқушылардың 44 пайызы. Балалардың сабақтан қалуына белгісіз біреулердің «мектепке шабуыл ұйымдастырамыз» деп жалған ақпарат таратуы себеп болған. Әлеуметтік желі арқылы оқушы ғана емес, ата-аналардың да бойына үрей ұялатқан. Полиция департаменті күшейтілген тексеруді бастады.

Жасқайрат Қайыров, облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:

Құзыретті органдармен бірлесіп, бұл ақпаратты таратқан адамдарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.


Хабарламаларға жазылу