Креативті индустрияның жағдайы адами капиталдың сапасын көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Креативті индустрияның жағдайы адами капиталдың сапасын көрсетеді

02.02.2024

Креативті индустрияның жағдайы адами капиталдың сапасын көрсетеді. OzgeEpic креатив хабына барған Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді. Хаб қызметінің негізгі бағыты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу және өнер саласындағы таланттарды қолдау. Қазіргі таңда креативті сектордың ел экономикасындағы үлесі 1 пайыздан аспайды. Осы көрсеткішті жақсарту үшін алдағы уақытта жан-жақты, оның ішінде, заңнамалық бағытта да бірлескен әрі жүйелі жұмыс жүргізу қажет. Таяуда креативті сектор үшін салықтық жеңілдіктер қарастырылды. Осындай нақты шаралар бұл саланы дамытуға септігін тигізеді, - деді сенат төрағасы.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Біз енді қазіргі заман талаптарына сай дамимыз десек, бізге өнерімізді де заманауи тілде сөйлетуіміз керек. Бұл бір жағынан біздің экономикамызға мәдениетіміз тарапынан қосылған үлес. Екінші жағынан және ең маңыздысы осындай қазақтың өнерін заманауи формада дамыту, бұл біздің ұлттық бірегейлігімізді ары қарай қалыптастырады. 


Хабарламаларға жазылу