Атырауда әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 132 пәтердің кілті табысталды. Құрылысы өткен жылдың желтоқсан айында аяқталған тұрғын-үй кешенінің әр пәтері жеке жылыту қазандықтарымен қамтылған. Бұл жылу маусымының бекітілген уақытын күтпей, өз қалауы бойынша пәтерді жылытуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да қаладағы тұрғын-үй кезегін азайту бағытында бірқатар жоба жоспарлы түрде жалғасын таппақ. Айта кетейік, өңірде 22 мыңға жуық азамат баспана кезегінде тұр.
Әсемгүл Рысмағамбетова, көпбалалы ана:
2013 жылы кезекке тұрған едім. Қазір алып жатырмын. 5 баланың анасымын. Өте қатты қуаныштымыз үй алғанымызға.
Нұрсұлтан Нұрсейіт