Норвегияда 30 жылда болмаған дүлей дауыл көтерілді. Күшті жел тұрып, боран соққан. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылып, кемелер теңізге шыққан жоқ. Секундына 54 метр жылдамдықпен соққан желден ғимараттарға да зақым келген. Полиция жағалауда орналасқан Бодо қалашығының орталығын жауып, тұрғындарға мейілінше сыртқа шықпау қажеттігін ескертті.
Арай Төлеген