Бельгия астанасы Брюссельде полиция шеруге шыққан фермерлерді орталық алаңнан таратты. Олар тракторларын әкетіп, жолдарды ашқан. Наразы шаруалардың шеруі бейсенбіде ЕуроОдақтың саммиті өтіп жатқанда да болған еді. Олар Еуропарламент ғимаратына жұмыртқа лақтырып, түнде бірнеше жерден өрт жаққан. Бельгиядан бөлек, фермерлердің шеруі Еуропаның бірқатар елінде өтіп жатыр. Олар бағаның өсуіне, салықтың жоғары болуына, экологиялық қатаң талаптар мен азық-түліктің арзан импортына қарсы шықты.
Арай Төлеген